21
октябрь
2019
Оқушылармен саяхат
Шона Смаханұлы атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қайырбай Мырзабай Әуесханұлы мектеп оқушыларын саяхатқа Тараз қаласына алып барды.
Тарих пәні мұғалімі Қайырбай Мырзабай Әуесханұлының жазбасынан
Ерекше күн болды.
Осы жылдың қазан айының 12-сі күні сабақ беретін сыныптарымның үздік оқитын 48 оқушысын Тараз қаласындағы тарихи орындарға экскурсия жасауға алып шықтым. Мұндағы мақсатым: оқушыларға теория жүзінде беріп жүрген сабақтарымдағы материалдар мен құнды жәдігерлерді көзбе-көз көрсету әрі оларға туған Отанымыздың бай тарихи мұраларымен таныстыру еді. Сапарымыздың алғашқы сәтін облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтіп жатқан еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевқа арналған көрмемен танысудан бастадық. Көрмеге қойылған Елбасының бүкіл өмірін бейнелейтін жәдігерлер оқушыларымды ерекше қызықтырып үлкен құрмет сезіміне бөлегенін көріп жүрегімді мақтаныш кернеді. Шәкірттерім Елбасының әр кездердегі суреттерімен қатар шет мемлекет басшыларының сыйлаған естелік жәдігерлері туралы құнды мәліметтер алды деп ойлаймын. Шәкірттерімді сонымен қатар: «Жеңіс» саябағына және «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешеніне апарып көптеген жәдігерлермен таныстық. Бұл сапар оқушыларды отаншылдық сезімге бөлеп, олардың жүректерінде әдемі естелік болып қалатыны анық.
Ш.Смаханұлы орта мектебінің Тарих пәні мұғалімі: Мырзабай Қайырбай.