Баяндама » СШ Ш.Смаханулы
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Шона Смаханұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
июнь
2025

Баяндама

Шона Смаханұлы атындағы орта мектебіндегі 2024-2025 оқу жылы

Құрметті қонақтар:   ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, мектеп түлектері, тағы бір оқу жылын артқа тастап отырмыз. Міне, бүгін қызығы мен   қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, мектеп түлектерінің болашаққа қадам басуы және оқушылардың   сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі – соңғы қоңырау салтанаты!

Қазіргі таңда Қазақстанның мектептегі білім беру сатысын жақандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етуде. 

 Биылғы  оқу жылы мектеп үшін  бірқатар жетістіктерге толы болды.  Оқушыларымыз білім, спорт, өнер сайыстарынан жүлделі орындарға ие болды. 

Мектептің оқу тәрбие жұмыстарының тақырыбы:      

“Оқу-тәрбие   процесінде заманауи технологияларды қолдану арқылы жан-жақты дамыған,  шығармашыл   жеке   тұлға қалыптастыру” 

Оқу жылын 52 мұғаліммен аяқтап отырмыз; олардың жоғары білімдісі – 49 , арнайы орта білімдісі - 3 мұғалім. Педагог- зерттеуші-3,  педагог- сарапшы-16, педагог- модератор-14,  педагог(санаты жоқ)-19.

     Мектептің ғылыми – әдістемелік жұмысын ұйымдастырып оқу – тәрбие үрдісін әдістемелік жағынан қамту мақсатында  Мектебімізде  7 пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жұмыс жасайды. Бірлестік жетекшілері тәжірибелі мұғалімдердің ішінен бірлестік мүшелерімен келісе отырып,   тағайындалған әдістемелік бірлестік жетекшілер басқарады.  бірлестік жетекшілері бірлестіктегі мұғалімдермен тығыз, ынтымақтаса отырып, әрбір мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыруда, шығармашылығын шыңдау бағытында ықпал жасап, жұмыс жасалады.

Мектепте  8 жас маман жұмыс атқарады, оларға тәлімгерлер тағайындалып, әдістемалік көмек көрсетілді.

Мектебімізде мұғалімдер уақытылы  білімін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады. 

2024-2025 оқу жылында 11 мұғалім өз білімін жетілдіру курстарынан өтті.


Білім сапасы

Мектебімізде 21 сынып комплектісі ұйымдастырылған.  Олардың  үздігі - 71, екпіндісі – 73. Білім сапасы -61,7 %. 

Оқу жылында 11-  сыныпты бітіретін 17 оқушының  мамыр-шілде айларында  ҰБТ –ға қатысуға өтініш бергені – 15 оқушы . 

Дарынды  оқушылармен жұмыс


    Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатындағы жұмыстардың бір бөлігі олимпиадалар. 

Пәндік  олимпиада қорытындысы бойынша 5-11-  сынып оқушылары арасынан аудандық олимпиадаға  26 оқушы қатыстырылып, 14 жүлделі орын алды.  

      Ғылыми жоба жұмыстары бойынша аудандық байқауда 9 оқушы, облыстық байқауда 4 оқушы  жүлделі орындарға ие болды. 

 «Жасұланның жұлдызы»  тақырыбындағы аудандық  патриоттық әндер байқауына қатысқан  2  оқушы жүлдегер атанса, облыстан 8-сынып оқушысы  Бегдан Мирас   І орын иеленді, Аудандық «Шәмші әндері» байқауына қатысқан 2 оқушы жүлдеген атанып, облыстан  9-сынып оқушысы  Сағат Жұмабек ІІ орын иеленді. 


    Түрлі дәрежедегі Республикалық қашықтық олимпиадаларға  қатысқан оқушылар арасынан 79 оқушы жүлдегер атанды. 

Қазіргі таңда мектебімізде  цифрлық инфрақұрылыммен қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру бойынша 118  компьютер интернет желісіне қосылған.


-интерактивті тақта-5  -проектор -8 

бейнекамера-20                                                


Кітапхана қорының көлемі 5565 дана, оның ішінде оқу қорының көлемі 3736 дана, көркем әдебиет - 1829 дана .  Кітапхана заманауи сөрелермен,  іс қағаздарымен, компьютерлермен жабдықталған. 


Қымбатты ұстаздар! Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап, білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілеймін,  Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын келесі  оқу жылы толағай табыстарға,  жаңалықтарға толы болсын!






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив